Горький

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2281
Жасыңнан талант қайнап, бойды кернеп,
Тұтанып от жалындай шықтың өрлеп,
Жаныңда тілдің тілі, өмір гүлі,
Бостандық бақытына тудың шөлдеп.
Көпіріп, күңіреніп, теңіз тулап,
Естіліп бақыт күткен үндер шулап,
Сол кезде сен де мініп қайратыңа,
Шарықтап көк теңізді ұштың қулап.
Теңіздей сонда халқың толқып жатқан,
Жол іздеп құтылуға қиянаттан.
Бөгемек елдің бағын болды жаулар,
Жыландай жылжып шыңңан қара бұлттан.
Сонда сен шімірікпей Горький данам,
Қолыңа құрыш сөзді алдың қалам,
Ажалды ңақ айырып дауылпазың,
Онымен «Сұңқар жыры», алтын «Анаң».
Мақсатқа бақытты елмен сүйтіп жеттің,
Тарихтың сан асуын басып өттің,
Сен өлдің, бірақ ісің өлмек емес,
Өшпестей алтын сөздер тастап кеттің.
Гениі сен көркем сөз - сүйген халық,
Жырлайды миллион жылдар сені тарих,
Сен жанысың, тілісің ақындардың,
Сенің сөзің жолың мен күндей жарық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Горький өлеңінің авторы кім?

Иса Байзақов — осы өлеңнің авторы.

Горький өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Горький өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иса Байзақов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Горький өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері