Көңілдің орындалмай көп тілегі – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көңілдің орындалмай көп тілегі» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 667
Көңілдің орындалмай көп тілегі,
Кеудемді құлын жүрек тепкіледі.
Бейғам ем, бетпе-бет кеп ойда жоқта,
Көзіңнің найзағайы соқты мені!..
Білмеймін мен бе, сен бе, кім кінәлі,
Тартпайды бұрынғыдай бұлбұл әні.
Шағылған сезімімнің әйнектерін
Өзіңсіз құрай алмай жүрмін әлі.
Көзіме дөңгелетіп бар әлемді,
Өткір бір көкірегіме алау енді.
Көзіңнің сол қарасы, қуғыншыдай
Тыншымды қайда барсам ала берді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері