Ленин – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Ленин» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 898
Көрінген, көк шарайна мөлдір аспан,
Күн туып, сол аспаннан нұрын шашқан.
Жер шарын жүйрік қиял айдай шолып,
Адамзат арманына араласқан;
Көк емес, жердің күні еді Ленин,
Дабыл қаққан, данышпан даңқы асқан.
Таңында тап туғызған, өрен жүйрік,
Өлшеусіз өскен ойы бала жастан.
Ақылмен таң арайын елге атқызып,
Езілген еңбекшінің көзін ашқан.
Сол дана мәңгі ұйықтады... өлді бүгін.
Қалдырды бізге атқызған таңғы нұрын.
Өзі елді... жолы мәңгі, сөзі құрал,
Құрыштай соңында ұрпақ қалды буын.
Сөнбейді, салған жолы, күн сөнгенше,
Нық ұстайды еңбекші тап Ленин туын.
Жоқ... Ленин, жоқ, жоқ, Ленин дегенменен,
Большевик жүрегінде сенің үнің!
Кемеңгер, күмбезіңде тыныш ұйықта!..
Жолың берік, жайқалмақ мәңгі туың!!!

1927


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері