Күлімдейді күміс күн де – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Күлімдейді күміс күн де» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 934
Октябрь, еңбекші елге атқан таңсын,
Ардақтап, сүйіп-құшып тапқан таңсын,
Қай сағат, қай минутта кездесем деп,
Жалшы үшін жарығыңды жаққан таңсын.
Жайнаған жарығыңнан сәуле шаштың,
Сәулеңмен қараңғылық кілтін аштың,
Өмірге күн келбетті сен келгенде,
Шарықтап, шаттанғаннан шалқымас кім
Октябрь онға толды күшін жиып,
Халқына ту ұстатты құлшындырып,
Мәз-майрам адам түгіл, мерекеде
Құстар да алақайлап ұшты биік.
Жердегі нұрлы өмірге көк таңғалды,
Күлімдеп күміс күн де басын иіп.

1927


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері