Таймаймыз – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Таймаймыз» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 650
Еңбекші ескіден
Езілген ұланбыз.
Ерік алған осы күн
Жауынгер қыранбыз!..
Хан, патша, бай, болыс
Еңіретіп жылатқан.
Оларды біздің күш
Қиратқан, құлатқан.
Жер жүзі тұрса да
Өртеніп өрт болып,
Жас әскер талмаймыз,
Ойнаймыз от болып!
Қызарып нұр туым
Дұспанға от шашты...
Ержүрек қызуым
Балқытады көк тасты!
Жер жүзі тұрса да
Өртеніп, өрт болып;
Жас әскер таймаймыз,
Ойнаймыз от болып!

1928


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері