Сүйгенім – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Сүйгенім» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 829
(Мүнираға )

Орман көлеңкесінде,
Бұлтты аспанның кешінде:
Есімде... ұзақ қыдырдық
Жапырақтарға оранып,
Сүюге сезім оянып
Жүректі үнсіз ұғындық:
Жалғансыз жаннан леп есіп,
Жүрек пен жүрек тілдесіп
— Шыдатпай нәзік сезімді;
Көңіл күйі келгенде
— Төзе алып па ем бермеуге
Өзіңе бүкіл езімді?..
Отты қара көзінде
Жанған ұшқын сезімге
Қонды, өзге қонар ма,
Күлкі ұясы бетіңде
— Тұр жүректі шертуге,
Сүймеске сені болар ма?

1932


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері