Өлең, жыр, ақындар

Көмір күйі

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 797
Алыбын ұлы Донбастың,
Күшімен алғыр алмастың
Майданда, Алексей көмірін
Күреп жердің өңірін
Жарғанда:
Тың тітіреп шошынды,
Ел шуы шыңға қосылды,
Ұрандай қару
Алғанда.
Стаханов толғанып,
Балғасын болат қолға алып,
Соққанда,
Болаттан жалын жарқылдай,
Шахтаның тасын талқандай
Шаққанда:
Таңқалдырып жер жүзін,
Ұлы еңбектің жұлдызын
Жарқыратты
Жаққанда.
Ол еңбектің шық, құзы,
Шың, құзда шолпан жұлдызы.
Елімнің
Қуаты ол шалқыған,
Қуанышы артылған
Өмірдің;
Сондықтан, менің өлеңім
Екпінін жырлар дер едім,
Алексей атқан Көмірдің.
Алексейдей еркіндеп,
Шыңға биік шертілмек
Өлеңім,
Шабытты өлең шырқалсын,
Бой балқыта сырды алсын,
Дегенім,
Бақытты біздің өмірде
Кім балқымас өлеңге?
Берейін жырлап
Деп едім.

1936



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңа жыл

  • 0
  • 0

Шаттығымен жаңа жылдың
Тан самалы соғып желдің,
Ұрып сағат он екіні,
Қуып жаңа аша да келді,

Толық

Жеңіс жылы

  • 0
  • 0

Ақшалап жерді аппақ қар,
Жазық дала,
биік жар
Үстіне күміс кигендей.

Толық

Түскі демалыс

  • 0
  • 0

Ішкен соң түскі тамағын,
Демалуға әрдайым,
Төсегі әр баланың
Шатырында дап-дайын.

Толық

Қарап көріңіз