Өлең, жыр, ақындар

Максим Горькийге

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 787
Сұңқардай түлеп ұшып өзі таңнан,
Сұлу сөз шам-шырағы болып жанған.
Жаныңның жарығында жұлдыз ойнап,
Бұлбұл ең қаламыңмен қанаттанған.
Дауылда көкке самғап, сұңқар жырын
Жырлаған жиһанды орай бұлбұл тілің,
Атқан тан, бақшасының бұтағына
Қонақтап сайраған ең өмір гүлін.
Жан едің көңіліңнен күн күлгендей,
Күн нұрлы жүрегіңнен үн келгендей;
Қайнаған асыл сөздің қазынасынан
Жайнаған өмір туын күнге ілгендей.
Жүрегің, минут жетіп, соқпай қалған
Сағатта қан лап сөніп, оттай жанған,
Көк пен жер құлақ түре, көзін тіге:
— Қай жүрек?— деді жиһан, тоқтай қалған.
Ол жүрек көктегі айдай әлемге аян,
Тоқтаған жүрегі еді Максим данам,
Қолынан қапылыста ұшып түскен
Уланып жау уынан тапқыр қалам.
Қапыда қолдан түскен қаламыңды,
Талантты тауға меңзер талабыңды
Көтеріп ұрпақтарың өзіңше ойлап,
Тастан да басты қайтпас қадамыңды.
Отанның даласы алтын жайнап жатқан,
Горькийдей өмірлі ұлға мәңгі мақтан!
Шебердің қаламынан шыққан әр сөз
Халықтың жүрегімен бірге соққан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақманай

  • 0
  • 0

Ай астында айнадай
Айдын көлің Ақманай,
Толқыныңа ай қарай, —
Аймалап таң атты арай.

Толық

Биіктің түбі төменде

  • 0
  • 0

Мен, биіктен төменге
Көз тіксем жай шарқ ұрмай,
Биіктің түбі төменде
Дегім келед алтындай.

Толық

Ақын досқа

  • 0
  • 0

О, бір күз, шағында ымырт түскен кештің,
Қойнында Текелі мен Ешкі өлместің —
Туғанын жырлы өмірге бір досыңның,
Өскенін және қалай ескермеспін?!

Толық

Қарап көріңіз