Өлең, жыр, ақындар

Көктем

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 944
Күлімдеп келсе көктем гүлін ашып,
Бөленер алтын нұрға тау мен қия.
Қар көзінің жасынан інжу шашып,
Жасанар тал, құстар да салар ұя.
Күлер күн. Қиял самғап, көңіл шалқыр,
Күмбірлеп көкірегің кетер сөйлеп.
Нұр еміп күннен дала, ой менен қыр
Үстіне көк майсадан киер көйлек.
Қоңыр жел жібек қанат есер майда
Тарауға талдап қыздар қолаң шашын.
Сүйер жел гүл, шешекті өскен сайда,
Жігіттей құмарытқан қиғаш қасын.
Ақ шашты кәрі таулар мұз кірпіктен
Көктемде домалатар күміс моншақ.
Сықылды адам бәрін қолмен еккен
Гүлдермен жер сұлудай безенер шақ.
Күн күліп, сap далаға нұрынан зер
Төккенде қыздар шырқар еңбек әнін.
Ал қызыл ақша беттен моншақтар тер,
Жайнар көз, жаны сезіп өмір сәнін.
Көктемде қуанады еңбек ері,
Көктемде қыр қыздары жасар сауық.
Көктемде еңбекшінің маңдай тері,
Нұр болып тамар жерге ауық-ауық.
Көктемде трактордай күш алыбы
Бұлқынып құлаш ұрар өр, қияға.
Көктемде көтерілер жер сағымы,
Жасанар тал, құстар да салар ұя.

17.05.28.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақ даңқы

  • 0
  • 0

Есімде жабырқаңқы бала кезім,
Әлі де оянбаған бойда сезім.
Қаққанда елге дабыл Ұлы Октябрь,
Халқыммен бірге оянып ашқан көзім.

Толық

Ембі екпіні

  • 0
  • 0

Солқылдаған неге жер?
Жер қозғалған сияқты!
Толқыған толқын топан ба?
Көл қозғалған сияқты!

Толық

Жапты кілтін «Максимнің»

  • 0
  • 0

Әлі есімде
өткен соғыс дауылы,
Ел бағы үшін
ерлердің

Толық

Қарап көріңіз