Максим Горькийге

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 847
Сұңқардай түлеп ұшып өзі таңнан,
Сұлу сөз шам-шырағы болып жанған.
Жаныңның жарығында жұлдыз ойнап,
Бұлбұл ең қаламыңмен қанаттанған.
Дауылда көкке самғап, сұңқар жырын
Жырлаған жиһанды орай бұлбұл тілің,
Атқан тан, бақшасының бұтағына
Қонақтап сайраған ең өмір гүлін.
Жан едің көңіліңнен күн күлгендей,
Күн нұрлы жүрегіңнен үн келгендей;
Қайнаған асыл сөздің қазынасынан
Жайнаған өмір туын күнге ілгендей.
Жүрегің, минут жетіп, соқпай қалған
Сағатта қан лап сөніп, оттай жанған,
Көк пен жер құлақ түре, көзін тіге:
— Қай жүрек?— деді жиһан, тоқтай қалған.
Ол жүрек көктегі айдай әлемге аян,
Тоқтаған жүрегі еді Максим данам,
Қолынан қапылыста ұшып түскен
Уланып жау уынан тапқыр қалам.
Қапыда қолдан түскен қаламыңды,
Талантты тауға меңзер талабыңды
Көтеріп ұрпақтарың өзіңше ойлап,
Тастан да басты қайтпас қадамыңды.
Отанның даласы алтын жайнап жатқан,
Горькийдей өмірлі ұлға мәңгі мақтан!
Шебердің қаламынан шыққан әр сөз
Халықтың жүрегімен бірге соққан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Максим Горькийге өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Максим Горькийге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Максим Горькийге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Максим Горькийге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері