Жаңа жыл – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Жаңа жыл» атты Тайыр Жароков жазған мерекеге арналған өлең берілген.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 989
Шаттығымен жаңа жылдың
Тан самалы соғып желдің,
Ұрып сағат он екіні,
Қуып жаңа аша да келді,
Тереземді қағып менің.
Қуат алып өмір таңнан,
Жыл айнала жер айналған.
Құттықтаймын, жаңа жылым,
Шашып күннің алтын нұрын,
Шықсын қысқы көк тұманнан
Көк дүниесі алтынданды,
Шашты меруерт жұлдыздарды,
Көркінен де көк жүзінің
Кремльдің жұлдызының
Жарығы артық рубиналы.
Шалқар көлім, зеңгір тауым.
Шаттаныңқы тұрған шағың.
Жердің құтты көріп бағын,
Малды жайып, егіс дәнін
Шашты аялы алақаным!

1939


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері