Беті сұлу – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Беті сұлу» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1023
Әйел сүймес кей адам
— Беті сұлу болмаса,
Бетін оның не қылам,
Ниеті сұлу болмаса?!
Түзей берме, қарындас,
Құрғақ сыртқы мүсінді,
Мүсініңмен аралас
Көркейте гөр ісіңді!
Жаз гүліндей жайнаған
Көйлегіңді не қылам,
Ойсыз, нәзік ойнаған
Билеуіңді не қылам?
Ұғам сезгіш жанды мен,
Би де керек, қарағым,
Ақыл, сана алдымен
Күнде керек, қарағым!

1940


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері