Өлең, жыр, ақындар

Днепр

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 454
Ой - қой, шіркін Днепр!
Жағаңды жырта жау жайлап,
Дегендей ақпай тұра тұр,
Ойқастап еді шаужайлап.
Төсіңде жанған жарқырап
Үргілеп шамшырақты,
Ажал оғы арқырап
Түнертпекші еді шуақты.
Ағып ең сонда сен өксіп,
Суыңды жау лайлап,
Тұнжырап ең төңбекшіп,—
Күн жабырқап, түн ойлап...
Түбіне батып суыңның
Дұшпан кескен қыз басы,
Алма бетті сұлудың
Қан боп тамған көз жасы.
Далаптай гүлді далаңды
Тілсіз өрттей жау жалап,
Жылатқан бала, анаңды,
Шырылдатып найзалап.
Жаудың керіп жария
Айуаннан да қатал
Жүз жасаған кәрия
Қанға жуған сақалын...
Ұлы өзені жыр болған,
Гоголь менен Тарастың,
Жауға қарсы қырланған,
Толқын атып таластың!
1942

Бұлты торлап бомбаның,
Тілген соң оққа көгіңді,
Көтермей жаттың зорлығын
Қайрап ең қанға кегіңді!
Украина жерінің
Көк мөлдір толқын кербезі,
Ал, қуан! Алуан еріңнің
Жапырған жауды дер кезі.
— Шаттан, шаттан, Днепр!
Шалқып ақ Қара теңізге;
Ұлдарың аңсап келеді,
Аймалап төсіңді емізген.
Көлденең сенен өтті өзен,
Кекті ұлың атын жалдатып,
Қаруын жауға кезеген,
Қанжығасын қандатып.
Сол ұлдарың ішінде
Ерлер бар Алатауда өскен,
Жарқырап жұлдыз төсінде,
Қамал бұза қан кешкен.
Уа, Днепр, Днепр!
Көгала тулы толқының
Күшейе түссін, бол көпір
Ерлеріне халқыңның.
Харьков қайта туғандай,
Күле түсті ту байлап,
Қыран қанат ұрғандай
Қуаныш күні туды ойнап.
Алуан ер аттанған
Айқайлап кіріп алқаға,
Қонды қолға қайтадан
Ата қоныс Полтава.
Алғалаған аламан
Айға тірей иығын,
Айбыны қамал алаған
Алақанда Киевтің!
Күн батып, тек, тан, атса - ақ
Отанды шаттық оятып,
Жаудыра бастан оқ атса - ақ
Жау қамалын құлатып,—
Қадам басса қалын, қол,
Қала үстіне қала алып,
Жеңіске ерлік салып жол,
Берлинге тартқан қадалып.
Қошеметтеп ерлердің
Құдіретті күшін тасты,
Белгісін шаттық күндердің
Мадақтап Отан, Москва:
Алынған сайын әр қала,
Сүйініп ерге қуантқан,
Зеңбіректен жер жара,
Он екі дүркін оқ атқан!
Он екі дүркін береннің
Атқанын әлем тыңдасын,
Мен де атам жауға өлеңнің
Он екі тонна бомбасын!
— Шаттан, шаттан, Днепр!
Шалқып ақ Қара теңізге!
Шаттық күн туып келеді,
Міне жеңіс!— дегізген.
1943



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақын көрінісі

  • 0
  • 0

Жазғы жасыл жайлауда
Түріп ақ үй іргесін
Жайып тастап жырды алға
Ашып ақын кеудесін –

Толық

Миллион толқын

  • 0
  • 0

Мың-мың қолдар, миллион милар,
Милар миллион қимылда,
Миллион толқын,
Толқын миллион

Толық

Таң

  • 0
  • 0

Таң қызы күлімсіреп жүзін ашты,
Көк аспан алтын теңіз мұнар ашты,
Гүл исі бау-бақшаның әтір атып,
Аспанға сүңгіп сұлу жұлдыз қашты.

Толық

Қарап көріңіз