Жас ұрпақ – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Жас ұрпақ» атты Тайыр Жароков жазған жастар туралы өлең берілген.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1047
Бұлақтайын алып мұнай,
Алтын қазып, қашап көмір,
Ұшты құстай көкке самғай,
Елменен шат жасап өмір.
Бақытты осы өміріне
Кенеттен жау оқ атқанда,
Ел жүрегі тебірене,
Шықты жастар тағы аттана.
Ұлы Отан соғысында
Қолыменен қақты оқты.
Өлім, өмір алысында
Кеудесімен жапты дзотты.
Бұл сұрапыл майданда да
Отанның шын ер ұлдары,
Жауын жеңіп, тындырды да,
Қуантты елін қимылдары.
Үш орденді қызыл туын
Желкілдетіп ұстап қолға,
Отыз жасқа толғап бүгін,
Өшпес мәңгі жастық тұлға.
Біз қолға ұстап бақыт туын
Жаңа өмірге есік аштық.
Қартаюды білмейтұғын,
Жалындаған мәңгі жастық.

1949


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері