Өлең, жыр, ақындар

Кавказ

  • 13.07.2022
  • 0
  • 0
  • 430
1845

Таудан тауға бұлт оралған,
Қайғы, зардан қан ағылған,
Баста-ақ жиһан Прометейін
Бүріп қыран ойрандаған,
Тәңірі күні кәрін төгіп,
Қабырғасы қақыраған
Тірі жанның батыл адам
Қанын ішпей тояттаған,
Бірте-бірте қуаттанған
Қунай күліп тұрақтаған.
Өлмейді біздің жанымыз да,
Шын еркіндік таңымыз да!
Қарны аш адам егінді де
Егіп, теңіз түбіне де
Өсіре алмас гүліңді де,
Тірі жанның жанын қайта
Жарата алмас, сөзінде айта.
Тәңірі сенің даңқыңды да,
Даңқты ұлы қалпыңды да,
Ала алмаймыз, тең емеспіз,
Сенің тіпті ісіңді де
Тергейтін біз емеспіз,
Бізге жалғыз жылау, жылау,
Жылап көзден жасты төгу...
Күнделікті нанды табу
Нанды аққан жаспен илеп,
Қан аралас терге шому,
Көзден тамған тек ыстық жас,
Бізге деген шындықтағы
Жатыр ұйықтап болғандай мас!
Қашан тұрып оянады,
Қашан тұрып дем а лады,
Сұлап солай жатасың
Шындық шырқап оянғанда,
Бас көтермей қиналдың ба,
Қажыр көзің жеткен жоқ па,
Не ғып тұрсын сен тәңірі?
Бересің бізге - дағы,
Өмір сүрер шын өмірді;
Біз сенеміз күшіңізге
Шарықтайды бар шындық та!
Шарықтайды бостандық та!
Жапа-жалғыз саған ғана,
Сонда барлық елдің тілі,
Қосылар да қошеметтер,
Ғасыр бойы жылдың жылы!
Бірақ кәзір ағып жатыр.
Ирелендеп өзен долы,
Ақса ақсын, ақсың әзір,
Өзендері қан толқынды...
Таудан тауға бұлт оралған,
Қайғы зардан қан ағылған,
Оңда, оңда, оңда біздер
Жанбыз жүдеп жалбарынған,
Аш-жалаңаш арпалысып,
Қысып, құшып жұлмаладық,
Бостандықты құмарланған.
Қарап тұрсаң талан-тараж,
Тән таланып, таланған,
Ит кемірген сүйектей - ақ
Қажып адам қаяуланған,
Бізде аз емес толып жатыр,
Әскерлікке үйренген жан.
Тамған жас пен аққан қанды,
Көрсең, императорларды,
Суаруға жетер еді,
Балаларын, немересін,
Үрім-бұтақ — шөбересін,
Теңіз дейін көз жасына,
Салсаң батып кетер еді!
Қараңғы түнде егілген,
Қыздардың да көз жасы,
Мөлдіреп ыстық төгілген,
Ананың да көз жасы!
Қан аралас себілген,
Ата-баба көз жасы —
Өзен емес, теңіздей,
Жай теңіз емес, от теңіз
Сорғалаған арнасы.
Отты теңіз ол аққан,
Даңққа құмар төбеттер,
Ақсүйек патша жендеттер,
«Даңқтан» сен де «даңқтан»
Кек ала мұз бен қар жұтқан,
Даңқтан сен де, зеңгір тау!
Тәңірі сүйген батырлар
Даңқтан сен де, мадақтан!
Батырлар күрес, тез жең,
Сендерге тәңірі көмекші!
Сендер үшін бар шындық,
Сендер үшін бостандық!
Еркіндік, дарқан бостандық!
Бауырсақ, нан, сақта,
Біз үшін бәрі, сіздікі.
Олар жерде қала алмас,
Ешкім оны ала алмас,
Дей алмас басқа. біздікі,
Кісенді шынжыр бұғауда,
Салып қамап, талауға,
Сендерді ешкім жеңе алмас!
Бізде не бар, бізде осы,
Біз хатты да танимыз,
Тәңірінің сөзін білеміз,
Оқып, сызып — жазғанмен,—
Терең құз, түрме, зынданмен,
Тәж бен таққа қарастық,
Әрі алтын, әрі аштың!
Оқытамыз, бізде бар
Оқытатын ғылым да.
Нан, тұз қанша тұрарын,
Үйретер ек біз бәрін,
Ойлап тұрсақ тыныш тұрған
Біз кәдімгі христиан:
Шіркеу де бар, мектеп те,
Тәңірінің нағыз бізде өзі,
Осы байлық жетпеп пе?
Бірақ, бізде сақта бар
Көзге шыққан сүйелдей,
Қадалаң көзге тіреудей,
Найзадай тесіп етпекке:
Біздер берген жоқпыз ғой,
Олар неге сіздерде,
Шүрек2 нанды кесекке
Ұқсатып, нақ күшікке
Лақтырмаймыз, шашпаймыз,
Біз неліктен сіздерге!
Жарқыратып шығарған,
Күн үшін шұғыла нұр алған,
Төлемейміз неге ақы
Сіздер осы біздерге?
Біз язишник емеспіз.
Ол үшін қам жемес,
Біздер нағыз христиан,
Мұны қата демес,
Біз кішкентай адамбыз,
Бірақ бар айтар сөзіміз
Біздерменен өзіңіз
Достасса қыз кәдімгі!
Біз де талай көп затқа,
Үйретер ек бәріңді!
Бізде жер де, ел де бар,
Сібірдің өзі-ақ кең алқап,
Кім шетіне барыпты?
Түрменің өзі қанша кеп,
Санап болмас халықты,
Молдавадан созылған,
Финге дейін даланы,
Қарасаң барлық тілдегі,
Сөйлемейді, үнсіз адамы!
Неге десең бәрі де,
Өмірге «рақаттанады»,
Біздерде тағы қасіретті,
Библияны оқиды,
Қасиетті монахтар,
Оқытады, еске тоқиды,
Оқытқанда айтады:
Пәлен жыл, пәлен патшаның,
Пәлен шошқа баққанын,
Ретіне келтіріп,
Өзінің досын өлтіріп,
Тартып алып әйелін,
Рақатқа батқанын,
Әулиенің көкке ұшып,
Көктен орын тапқанын,
Сендер әлі надан деп,
Крес тағар өз жолын
Білмейтін адам деп.
Оқы деп соғады мақтанын!
Міне, бізден оқыңдар,
Бізде көп сойып, іреулер,
Бізде ұжмақ дегендер,
Қалмаса да еш нәрсең,
Сұрауынша бере бер!
Бізде не жоқ шынында,
Бәрін - дағы білеміз,
Аспанға да қараймыз,
Жұлдызды да санаймыз,
Жүгері де егеміз,
Французды сөгеміз,
Саудаласып, я сатып,
Қартаға салып адамды
Ұттырып та кереміз,
Негр емес... емескі
Шоқынған да емес-ті...
Қарапайым адамды,
Бір ойнаған картаға,
Ұтқызамыз, береміз...
Біз испандық емеспіз,
Жебрей де демес,
Ұрлықты сатып алатын,
Бәріміз де біздердің,
Адамбыз заңмен болатын,
Апостолдың заңын,
Сіздер жақын - жараңды,
Сүйесіңіз жылма,
Бәтуәсіз құрғақ сөз,
Қарғалған кіл зымиянды.
Сіз сүйесіз туғанға
Тері-терсек өнсін деп,
Тілемейсіз бірақ та
Жаны ізгі болсын деп,
Сүйесіңіз тағы да,
Қыздарыңа шапанды,
Өгей балаларыңа,
Кәделі сыйлық атауды,
Әйеліңе туфли,
Тағы басқа заттарды...
Тілейсің өзіңе алуға,
Оның не зат екенін
Сезбейді ойың тануға.
Әйелің де, балан да:
Үйретерің осы ма еді,
Мұны кім сенен тосып еді,
Кім үшін мұндай болдың сен
Христос тәңірі ұлына?
Әлде, ізгі біз үшін,
Әлде, әділет сөз үшін,
Әлде, бәлкім сізді біз
Басына алмас көз үшін?
Я, осындай қалпында,
Шіркеулер мен икон да,
Май шамдар мен түтін де
Иіліп сенің алдыңда,
Тәжім еткен бетінде,
Соның бәрі құштарлы,
Ұрлық, соғыс, қан... үшін...
Ағайынды бүлдіріп,
Қан төгетін жан үшін!
Талан-тараж дарға асып,
Жұртты өртеу қамы үшін!
Сауатты болдық! Тағы да
Сауатты болу талапты,
Тілейміз басқа жағын да,
Істеуге түгел сауатты.
Күн нұрының шындығын,
Көрсеткіміз келеді,
Көзсіз соқыр жандарға,
Жетпеген өсіп балдарға,
Көрсетерміз бәрін де,
Көрсететін кезеңді
Берші тек біздің қолдарға?
Түрмені қалай салуды,
Кісенді қалай соғуды,
Таспаны талдап өруді,
Дүрені қалай ұруды,—
Бәріне де оларды
Үйретейік, тек қолға
Берші, шың, құз саяны.
Зеңгір тауды қияны,
Өзіміздің шалқыған
Көк теңіз бен даланы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үйірім

  • 0
  • 0

Бір сұлу қыз жалғыз өзі шомылып,
Айлы түнде суға түсті, жылғада,
Аққудайын жүзіп,
құлаш суға ұрып,

Толық

Дауылпаз

  • 0
  • 0

Ой құйыны үйіріліп,
Көк алмастай суырылып,
Қаламы қылыш жарқылдап
Сұңқардай даусы саңқылдап.

Толық

Шіркін-ай, не еткен даласың

  • 0
  • 0

Күн қарытпай, көзіне
Алақанын күндік қып,
Қарап қырдың жүзіне
Тұрған қарттан үнді ұқтық.

Толық

Қарап көріңіз