Өлең, жыр, ақындар

Екі кептер

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1578
Білмеген шығынданба көзге бекер,
Өмірің зая болып текке өтер,
Жасынан бір ұяда, бір орында,
Жүріпті мәжіліс етіп екі кептер.
Бөлініп ешуақытта жүре алмайды,
Бірінсіз бірі тамақ жей алмайды,
Екеуі су ішсе де бірге барып,
Сайран қып кезіп жүрді осы жайды.
Түскенін қолдарына бірдей бөліп,
Етпеген бір де реніш, қорлық көріп,
Бір-біріне бала жастан көңілі қалмай,
Жүрді күні-түні ойнап-күліп,
Күштен ренжісе де бірдей болған,
Көрмеген тау-тас, ағаш, кәлге барып
Қызық қып оралайын біраз жерді.
Айтармын көргенімді келіп саған,
Татпаған орындардан тағы тағам.
Көрмеген ел, халықты аралайын,
Ей, достым, рұқсат бер енді маған.
Келейін әр мекеннің, жайын біліп,
Қайтпас деп көңіліңе алма күдік,
Оралсам құдай қосып аман-есен
Кетерміз бұрынғыдай ойнап-күліп,
Көңілінде бір-біріне бал мен шекер,
Жақтылығын жаманға еткен болар бекер,
— Жат жерде қадырыңды ешкім білмес,
Ай, жаным, сапарыңды қойсаң не етер,
Сыйламас және сені қонақ қой деп,
Қара құс, қаршығадай дұшпаның көп,
Жат жерде қадір көріп хош болмассың,
Достым-ау, бұл ойыңды көремін жек.
Кетесің қалай қиып тастап мені,
Зар илеп өлемін ғой күні-түні,
Көрмеген бөтен жерде ой-шұқыр көп,
Кім жүрер жолдарынан бастап сені.
Тілімді алсаң, алысқа барма, жаным,
Болмасаң тоқтатуға жоқ-ты халым.
Келген соң көргеніңді паш етерсің,
Ай, достым, рас екен деп айтқаның.
Сенсіз мен қапа болып тұра алмаспын,
Әйткенмен хабарыңды біле алмаспын.
Қай жерде жүдеп-жадап жүр екен деп,
Күн-түні қайғыланып жуа алмаспын.
Сезіне жолдасының қойды құлақ,
Барма деп тұрғаннан соң досы жылап,
Сонда да желіккен көңіл басылмады,
Тоқтатпай сабыр тұтып жүр деп тым-ақ.
— Әй, достым, құлағың сал айтқан сөзге,
Қайда жүрсек, жәрдемші құдай бізге,
Үш күнде аман болса оралармын,
Жылмай рұқсат бер енді бізге.
Құдайым қойған шығар тозық шашып,
Татарсың бұйрықпенен болса нәсіп.
Көгаршын көтеріліп ұшып кетті,
Досымен сол арада амандасып.
Не көрсең дүниеде жалғыз хақтан
Тас түссе таңдайына деген бақтан
Барады қызық көріп әрбір жерді,
Көгаршын аспанменен қанат қаққан.
Кез келер әр түрлі іс тарланыңа,
Ұнамсыз дегенменен болады ма?
Желдетіп бұршақ аралас жаңбыр соғып,
Көгаршын жер таппады паналауға.
Сөз болып үсті-басы суық етіп,
Тоңған соң дірілдейді құты кетіп,
Жапырағын бір ағаштың паналады.
Бейшара өліп-талып әрең жетіп.
Міндеті әрбір істің құдіретте,
Ғафыл боп дүниеде жүрме текке,
- Күн шығып жаңбыр өтіп басылған соң,
Кептіріп үсті-басын тағы кетті.
Келеді аспанменен қанат қағып,
Көрмеген ағаш, тасты тамаша қып,
Жауыннан жүдеп-жадап шыққан байғұс,
Отырды бір орында демін алып,
Тынығып болғаннан соң кетті ілгері,
Сайранға елін тастап шыққан сері,
Аңшының тұқым шашып тұзақ құрып
Кез болды құс аулауға қойған жері.
Жейін деп бидайынан қона қалды,
Тұқымға жерде жатқан басын салды,
Адамның айла-өнерін қайдан білсін,
Сол жерде бір тұзаққа түсіп қалды.
«Байтал түгіл бас қайғы» деген мысал,
Шығып алмай сол арада қапаланды.
Кісінің, дамылы жоқ қызмет еткен
Қол тимей жазылмады бәйіт көптен
Бір буынын шығарып ап құтылды әрең,
Қашып түскен нашар екен.
Білмеймін келді ме бейнет шағы,
Алла екі Өлімнен құтылып ед,
Асқындап бір қаршыға қуды тағы,
Қаршыға жете қуды ұстамаққа,
Өлеңнен қадыр алла өзің сақта,
Бір жерде түйіліп барып түскен кезде,
Дал болды екпінімен соғып тасқа,
Құтылды бұдан-дағы қалбалақтап,
Ажалы жетпеген соң құдай сақтап,
Бір үйдің бұрышына қонды байғұс,
Ауырсынып аяғын сыңар жақтап.
«Бір пәле бір пәлені шақырады» деген
Келеді мақал болып үлкендерден
Аллалап демін алып тұрған құсты,
Бір бала періп кетті сүйекпенен
Жас бала обал-сауапты қайдан білсін,
Сөзіміз үлгілі емес, ғибрат үшін,
Басын жарып, аяғын шығарып тартты еліне.
Сайранға тамаша қып шыққан құсым.
Еліне жетті кептер әбден жүдеп,
Тұр екен досы дағы келе ме деп,
Қуанып аман-есен қосылғанына
Кетіпті бұрынғыдай ойнап-күліп.
Жігіттер, бұл ғибрат бізге ұғар,
Байқасаң кептерге ұқсас адамдар бар.
Ешбір жай өз жайыңнан артық емес,
Іздеген ұзамай-ақ ырзық табар.
Аралап көріп жүрміз әрбір елді,
Таныс боп жақсылармен бағзы жерде,
Таңсық қып бөтен жайды талпынғанын,
Оқымай бұл кеңесті шыға көрме.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жетімнің өлеңі

  • 0
  • 0

Жетімнің күні құрсын жастай қалған,
Әкесін шешесімен құдай алған.
Күтетін өз баласындай жақын қайда?
Деген сөз осы емес пе дүние жалған.

Толық

Қайыршы

  • 0
  • 0

Қайыршы бір мүсәпір білуші ем шал,
Үрерге ит, тігерге тұяқ болмаған мал,
Ертеден кешке дейін қайыр сұрап,
Жүруші ед көрінгенін етіп амал.

Толық

Жетім

  • 0
  • 0

Күн батып кеш болған соң жұлдыз шықты.
Далада сықырлаған аяз мықты.
Бір жетім жол үстінде келе жатып,
Қалтырап тоңды байғұс, қайғы мықты.

Толық

Қарап көріңіз