Әтеш пенен меруерт тач – Спандияр Көбеев

Бұл бетте «Әтеш пенен меруерт тач» атты Спандияр Көбеев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1930
Мыс қылар алтыныңды жаман адам,
Қайдан білсін жақсы-жаманды надан адам,
Асылдың қадырын біліп қалай тұрсын,
Көрмеген өмірінде тазына адам.
Мысалы ғибрат үшін біразырақ,
Меруерт, әтеш әңгімесін енді жазам.
Жырақ жүр ақымақтан зиянгерден
Кесірі тиетұғын талай жерде.
БОҚТЫҚТЫ бұрқыратып теуіп жүріп,
Меруертті жатқан әтеш көзі көрді.
Асылға жарқыраған көзін салмай,
Мінекей ақымақтың айтқан сөзі.
— Бұл тасқа текке алғысыз осыншама,
Береді неткен адам үлкен баға,
Табылса жарты бидай бұдан дағы,
Аузыма қояр едім салып мана.
Бидайдың нақ қарауға ажары кем,
Меруертпен сұлулыққа болмайды тең,
Тоқтығы сонда дағы көш жер артық,
Табылса қалар едім қуанып мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері