Айттың рухына – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Айттың рухына» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 817
Уыстап ұстағым кеп қашқан желді,
Ұлың ем кезіп жүрген аспан­жерді.
Жан баба, разы бол, басыңа кеп,
Қалақтай қалдырғанға тастан белгі.
Жалт етіп қас пен көздің арасында­ақ,
Дүние бізден де өтіп аласұрмақ.
Тозбас тек астыңдағы тілдей ғана
Бұйырған қара жерден қара сырмақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері