Мен әлемді көрмеймін сен сияқты

Бұл бетте «Мен әлемді көрмеймін сен сияқты» атты Данияр Жігітбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2022
  • 0
  • 1
  • 8222
Мен әлемді көрмеймін сен сияқты,
Сен әлемді көрмейсің мен сияқты.
Бірімізді біріміз түсінбеудің
Себебі сол сияқты.
⠀
Бай емеспін сезімге сен сияқты,
Бай емессің төзімге мен сияқты.
Бірімізді біріміз түсінбеудің
Себебі сол сияқты.
⠀
Сенің көзің суалмас көл сияқты,
Менің сөзім қуарған шөл сияқты.
Бірімізді біріміз түсінбеудің
Себебі сол сияқты.
⠀
Ешкім мені сүйе алмас сен сияқты,
Ешкім сені сүйе алмас мен сияқты.
Біз екеуміз айтқызбай түсінетін
Жалғыз-ақ сол сияқты.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Сара

Өте күшті өлең екен!!

Осы автордың басқа өлеңдері