Жас балаша қуандың ба себепсіз?

Бұл бетте «Жас балаша қуандың ба себепсіз?» атты Данияр Жігітбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1561
Жас балаша қуандың ба себепсіз?
Көбелекке тамсандың ба себепсіз?
Сүйіктіңе гүл алдың ба себепсіз?
Таңда тұрып, ән салдың ба себепсіз?
⠀
Бір адамды шын күттің бе себепсіз?
Қалын сұрап хат жаздың ба себепсіз?
Бақытыңды жыр ғып күнде себепсіз,
Бар сырыңды ақтардың ба себепсіз?
⠀
Бейтанысқа сәлем беріп себепсіз,
Күлімдеуді үйрендің бе себепсіз?
Айналаңа көңіл бөліп себепсіз,
Көрші әжейге сый бердің бе себепсіз?
⠀
Себептерге толы өмірді
Себепсіз
сүре білу, сүйе білу керексіз!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері