Қыз қалауы – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қыз қалауы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 754
Тақ қызына ғашық болып сансыз жан,
Тау елінен, Теңіз арғы жағынан
Келді киіп үске жібек асылдан,
Күймелері сары алтынға малынған
Інжу-маржан тосып қыздың алдына,
Ұсынды олар білезік те нақысты,
Бәрінің де бірақ тауы шағыла,
Құралақан елдеріне қайтысты.
Ақын келді, ауып қызға тілегі,
Жалын атқан жырға толы жүрегі.
Осы болды – қыздың көзге ілгені,
Осы болды – қыздың ыстық сүйгені.

29 ноябрь, 1943


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері