Бүркіт әм ара
Араны гүл жапырақтың басындағы,
Бақшада ұясы бар қасындағы,
Бір бүркіт тәкаппаршылық көңілімен
Көргесін аяған боп сөз сұрады.
— Аяймын көрген сайын, ара, сені,
Мехнатың зайы байғұс, тыңда мен
Бар шығар білімің де, не қылайын,
Жатырсың құр азапта осы күні.
Сан жетпес бір ұяда бар араға
Тыңдашы кеңесімді құлақ сала,
Бәріңнің іздегенің бір балауыз
Кім айырып қызметіңді білер соңыра.
Кейбіреу өмір бойы қызмет етер,
Атақты бір ісі жоқ, бәрі бекер,
Сен соның сыңарысың сөзіме бақ,
Құр мехнатпен дамылсыз күнің өтер.
Қанша парық екеуміздің арамызда,
Көп жанға қорқыныш біздің қарамыз да
Зуласақ аспанменен қанат қағып,
Еш нәрсе ілмей, сірә, қаламыз ба.
Аспаннан бізді көрген бар мақұлық
Жатады көзге түспей бой жасырып,
Қойына қошы дағы бекем болар,
Өзің де бұны айтпассың деп өтірік.
Киік қой аң жүйрігі бұл жердегі,
Ол дағы өсек етпес көріп мені.
Михнатың зая, осы күнгі ісің бекер,
Тым аяп көргеннен соң тұрмын сені,
— Білемін, сені бүркіт, атағың мол,
Күшің бар тал бойында бақытың сол.
Ешкімнің жамандауға аузы бармас,
Сөзіңе айтып тұрған қоямын қол.
Көп үшін қызмет ете тұрам өзім,
Құлық жоқ мақтанарлық — бір мінезім,
Құдайдан бұйрық солай шығар, бүркіт,
Тұрсын ғой қажап мені келіп көзің.
Ішінде істеп жатқан балауыздың,
Менен де шыққан бал бар білем өзім.
Көңілім соны біліп хоштанады,
Пустяки! не қыламын жұрттың сөзін.
Орынды жерде біреу қызмет етер,
Жайылып сол кісінің даңқы кетер,
Сол атақ — сол кісінің бір бақыты,
Жамандап сырттан айтқан өсек бекер.
Надандық бүркіт келіп араға етті,
Орынсыз жерде жүрген әрбір шетте,
Көзбе-көз келіп шіркін паңсып еді,
Жақының оныменен несі кетті,
Адамның қызметтегі бар ма күйі,
Дамылсына бала оқытқан күні бойы,
Бірі олай, бірі бұлай сөз шығады,
Бөлініп жүргеннен соң әр жерге ойы.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі