«Есіміңді ерітіп» тіл ұшында – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте ««Есіміңді ерітіп» тіл ұшында» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған тіл туралы өлең берілген.

  • 15.09.2022
  • 0
  • 0
  • 1167
«Есіміңді ерітіп» тіл ұшында,
қала бергем вокзалдың бұрышында.

Содан бері ылғи да іңір бағам.
Жан жылуы сол болса,.. бұйырмаған.
Күн батқанмен таң да атар...
Бірақ сенсіз
күншығыстай сарғаю қиын маған.

Жұлдызды тағдырыңның мен жүрмін іргесінде.
Мүмкін-ау білмесің де.
Тек мені өмір саған танытпай жүрмесін де!

Мен де бір – жақсыға жаршы ағамын.
Мамырға қарсы ағамын.
Жүзіңді көрген сайын,
жүректі алақан ғып, қол соғамын.

Мен де бір шөл даладаймын, шілдедегі.
«Нөсерім болып менің бірде, тегі,
жетерсің!» – деген Ойдың өзі
қанша үмітті гүлдетеді!

Сен менің мұңыма қан. Етерсің сырыңа хан!
Көкейде көздерім бар,
өзіңсіз жылымаған.

Білемін,
жұрт әуресі – пендешілік...
Өтінем,
осалдыққа бермеші ырық.
Мен сенсіз:
буынсыз тіл болсам да,
қаламын демде сынып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері