Сейтен сарыны

Бұл бетте «Сейтен сарыны» атты Қорғанбек Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.01.2023
  • 0
  • 0
  • 745
Елестеп сонау жырақта,
Есілде – Балуан ауылы.
Құяды бір сыр құлаққа
Сейтеннің ұлы сарыны.
Дулатып өткен Шал ақын
Даладан теріп даналық.
Сабырлы сазбен ағатын
Жанында дария бары анық.
Қаршадай бала күнінен
Көзінде шоғы қоздаған,
Жүрегі ғибрат нұрымен
Тоқсанға дейін маздаған.
Сейтеннің сүре сарыны
Тағылым сырын ұқтырар.
Сақара кезіп сағымы,
Шәкірттер мың сан тік тұрар.
Ұлықтап ұлттың мұратын,
Ұлы ұстаз солай ұтады.
Сақтайды мәңгі қуатын
Сейтеннің сары кітабы.
Тал бойың зифа тектілік,
Кішік боп өткен кемеңгер.
Лайықты төрден шет тұрып,
Жайың жоқ сенің төмендер.
Өртенген өлең күлінен
Ізтөлин Баймағамбеттің,
Оянған ақын жырымен
Феникс құстай әндеттің.
Таусылмас әсте мәңгілік
Тағылым қазған, ей, кенім,
Санамда жүрші жаңғырып,
Сары алтын дана Сейтенім!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сейтен сарыны өлеңінің авторы кім?

Қорғанбек Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Сейтен сарыны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сейтен сарыны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қорғанбек Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сейтен сарыны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері