Он сегізім

Бұл бетте «Он сегізім» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 826
Он сегізім...
Жалғасы деп жыршының,
Жүрегімен сүйді әппақ.
Кешіп өтіп мөлдіреген гүл шығын,
Құлағаным құй батпақ.
Аманаты таудан ауыр бақшада,
Жолдан тайып тасыдым.
Жібімеуші ем жұлдыз ағып жатса да,
Қарашығым жасыды.
Сейілте алмақ биік шыңның бұлтын кім?
Анталаған жат пиғыл.
Іргемдегі қарашұбар сылқымның,
Жолын кеспей ақ құйдым...
Ібілістің өсиетін ұмытпа,
Ұмытуда бар кесел.
Қауға салып қырық құлаш құдыққа,
Жаудырамын ақ нөсер...
Тарихыма тағзым жасап тас үйдім,
Тегімді іздеп безінген.
Мұз үстінде Тәңіріме бас идім,
Жаратылған өзімнен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Он сегізім өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Он сегізім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Он сегізім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Он сегізім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері