Мың бір түн деген отына мұңлы – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Мың бір түн деген отына мұңлы» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 1295
Мың бір түн деген отына мұңлы,
Өртеген сұлу өлеңім.
Бала күнімде оқығанымды,
Көзіммен көріп келемін.
Жапырақтарды жаны жаралы,
Ханзадаларды қаһарлы.
Сыбызғы көңіл кәрі даланы,
Саудагері көп шаһарды.
Тамыздың таза таңындай жарық,
Шайырдың кірсіз түр-түсін.
Санаға қонған сағымға айналып,
Сайқалдың сатқын күлкісін.
Көлгірсулерді көріп келемін,
Қайыршылардың назындай.
Қор болып, қайран, көрікті өлеңім,
Ғайыпқа кетті жазылмай.
Не десең досым, сүзіп алған бұл
Мөрлі құмыра дию бар.
Неден қорқады қызып алған дүр?
Тығынын алып құйыңдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері