Қарт ұстаз
Мекендеген даналықтың ауылын,
Бұл фәниде адамзаттың жауы кім?
Ертеректе болыпты бір қарт ұстаз,
Шәкірттермен толықтырған бауырын.
Пайымына парасатын жалғаған,
Еш қадамын шалыс баса алмаған.
Көпті көрген ақылды еді бұл ұстаз,
Бар өмірін іліміне арнаған.
Шәкірттері тамсанатын талайдан,
Табылмайтын мұндай дана маңайдан.
Көкжиегін бар білімге толтырып,
Өте берді өмір деген шарайнаң!
Бағамдайды ел өрелінің өресін,
Жазылғаннан кете алмайсың, көнесің.
Бір шәкірті ұстап алып көбелек,
Жетіп барды сынамаққа төресін!
Сұраймын деп келе жатты бөлтірік,
"Қолымдағы тірі ме?"- деп ентігіп.
Тірі десе уысыма қысам да,
Ойлап қойды, жіберем деп өлтіріп.
Ұстазына қойды келіп сауалын,
Кемеңгер қарт білді сөздің ауанын.
Сәл кідіріп, барлап қарап тұрды да,
Шәкіртіне былай берді жауабын.
"Биік мансап қаламағын жолыңда,
Ізгіліктің жүгі жүрсін қомыңда.
Қай әрекет жасасаң да, шәкіртім, -
деді ұстаз - барлығы өз қолыңда."
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі