Аққудай сұлу жанарым – Абдилов Серик Ашимович

Бұл бетте «Аққудай сұлу жанарым» атты Абдилов Серик Ашимович жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аққудай сұлу жанарым
Көз тастап маған қарадың
Сүйкімді сенің жанарың
Өзіңсің жаным арманым.

Еркелеп журіп от баспа
Өзіме ғана көз таста
Бағым боп жаным о,баста
Бақытқа ғана жол баста.

Өзіңсің жаным арманым,
Сүйгенім сенсің жанарым
Өзіңді іздеп барамын
Тек қана сенсің арманым.

Көзіңнің сенің қарасы
Жүректің менде жарасы,
Аққудай сұлу жанарым
Бір мезгіл маған қарашы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері