Торсыз Құс – Қарлығаш Қабай

Бұл бетте «Торсыз Құс» атты Қарлығаш Қабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ол…
құссыз тор мен торсыз құстың да тордағы құстай аянышты екенін ұғынған ғалам сынды делсал,
саған айтылған сырлардай көмескі,
бозбаланың көзі шалған төрде ілулі қамшыдай қасіретті,
ошағанға айдалған жылқыдай шарасыз…
есігіңді қақпаған әндердей бөтен болатын…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері