Әлди, бөпем – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Әлди, бөпем» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 1
  • 2617
Әлди, әлди, әлди, бөпем,
Әлдилейін, уаншы.
Шырылдамай жұрттан бөтен,
Сәби құсап қуаншы.
Әлдилейін тыңдашы, еркем,
Бесік жыры лебізін.
Шайқайын бір бейне желкен,
Қоңыраулы әннің теңізін.
Қорып жаудан ерлік салтын,
Қай майданда жүр әкең.
Білерсің сол жердің парқын,
Біледі деп дәметем.
Әлди, әлди, әлди, бөпем,
Ән тыңда да уаншы.
Келсе жеңіс келер көкең,
Жеңіс тілеп қуаншы.
Талпындың ғой балапаным,
Сездің нені балақай.
Тартады ғой алақаным,
Әлди, әлди, алақай!


Пікірлер (1)

Еркенур

Оте Кушти керемет олен

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері