Иманы толық адам

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Иман қашан толығады деп, бастады жұрт таласты,
Бірі оны жүректен іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады!
Иман деген Аллаға сенім емеспе,
Аллаға сенсең, сені жұрт шын мұсылман демеспе!
Бірі айтады!
Иман деген толығады үйленсең,
Үйленумен ілімді..., жетік терең игерсең!!!
Бірі айтады!
Иман деген, жарты болар үйленсең,
Толықпайды, үйленетін күйге енсең!!!
Бірі айтады!
Жоқ.. ол айталмайды ештеңе,
Діни ілім алмаған, керек деп те кішкене.
Сол себепті айталмайды, байқалмайды бары да,
Білмегенсоң үндемеді?, Иманы,...
нәпсіні басып түсті ме?

Осылай жазған жандардың, таласына жолықтым,
Бәрінде иман бірдей емес, оқыдымда соны ұқтым.
Әрқайсысы өз сөзін, растап отыр әлек боп,
Таным! Түсінік өрісі, өзге деп, ой қорыттым.

Алла берген адамға, иманнан артық бақ барма!
Аллаға сәжде қылайық, мүмкіндік беріп жатқанда.
Ақыретке әлі барғой деп, жүріп қалмайық ағайын,
Өлгенсоң амал тоқтайды, жер астында жатқанда!

Жауаптан қашып кетпейсің, сұраласың бәрінен,
Ақылға салып ойланып, көрейікші әріден.
Білмедім десең, ілімді алдыңа қойдым демейме!
Ал, білдім десең, сай амал етпегеніңді көрмейме?

Сан түрлі сана, түсінік, иманы толық адам кім?
Үйленген бе? Бойдақпа? Айырмасы жоқ адамның?
Иманы толық адам сол,
Баспаса жолын харамның!!!
Бойдақ боп қылса құлшылық, Үйленуіне керек біз!!
Үйленіп басса харамды, қалайша (иманы) толық демекпіз?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Иманы толық адам өлеңінің авторы кім?

Еркебұлан Әліпбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Иманы толық адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Иманы толық адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Еркебұлан Әліпбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Иманы толық адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері