Отбасы.
Отбасы болам десең ынтымақты,
Сөзің менен ісіңде бол тұрақты.
Баршасына түсініп қарай білгін,
Жаныңа жақын тартпай жылтырақты.
Әр үйде әркімнің бар орны бөлек,
Және де мінез-құлық елден ерек,
Көп ішінде отырғанда кемшілікті,
Бетке басып, не арттан, айтпау керек?
Үй іші болғанменен хан сарайы,
Құбылмалы болар әркез ауа-райы
Бір отбасы кішігірім қауым ел ,
Шетелдерге шықпау керек хабар-жайы.
Жұрт айтса айта берсін десе десін.
Ала-алмай жүр екен, Кімнен? Несін?
Әркімнің артынан сөз сөйлейтіндер,
Көгертпейді-ау, өзгенің көсегесін.
Әйтеуір... жүрген жұрт қарбаласып,
Біздің жұртқа неміз бар жағаласып.
Баршасы осылай ой түйсе егер,
Болмас еді-ау, ағайынның арасы ашық.
Бүгінде біразы, Елмен егеседі,
Ақылды адам елімен кеңеседі,
Бәрі сенің сөзіңмен, жүруі керек болса,
Алла оларға ақылды бермес еді.
Аллаға бола білсең лайықты құл,
Ата-Анаға боласың сүйікті ұл(қыз),
Мұсылманның иманы болса тәуір,
Жақынына болар сол, тәуір бауыр.
Мұсылманмын деген жан ашып қара,
Құранда бар өмір сүру инструкциясы,.
Зейін қойып, түсініп оқысаң ғана,
Ашылар қос дүние құпиясы.
@Еркебұлан Әліпбекұлы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі