Ұқсас екен бәрі де – Байбота Қошым-Ноғай

Бұл бетте «Ұқсас екен бәрі де» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Зеңгір аспан құшаққа ап,
Күледі Күн нұр құйған.
Қос қанатты ұшақ та
Аумай қалған қырғидан.

Шырқап шыққан шығанға,
Тікұшаққа қарашы.
Инеліктен бұған да
Бір ұқсастық табасың.

Жазда жаңбыр жаумаған,
Есіңе алшы аптапты.
Парашюттен аумаған
Көресің көп бақбақты.

Болсаң егер байыпты,
Сен суретші боласың.
Ал сүңгуір қайықты
Балық па деп қаласың.

Бұл ғажапқа мен мүлде,
Таңырқаймын әлі де.
Назар салсаң
Көрдің бе,
Тым-тым ұқсас бәрі де...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері