Ғарыш бізді шақырды – Байбота Қошым-Ноғай

Бұл бетте «Ғарыш бізді шақырды» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Біздің Тоқтар ағамыз,
Ұшты шырқап ғарышқа.
Ертең біз де барамыз
Айға, Шолпан, Марсқа!

Төгіліп күн шуағы,
Ғарыш бізді шақырды.
Қазақ жері туады
Әлі талай батырды.

Таудай үлкен талабым,
Бар алдымда қанша арман.
Мен де батыр боламын
Жұлдыздарға жол салған.

Жерден ұзап жыраққа,
Кезем ғарыш төсін мен.
Достарымды бірақ та
Шығармаймын есімнен.


Пікірлер (7)

Аягүл

Бұл жерде плпнета туралы тақпақ барма

Ербол

Өлеңдеріңіз күшті екен

Айым

Ғарышкер

Інжу

Керемет

Кәмшат

«Ғарыш бізді шақырды» өлеңі бала қиялын, арман мен болашаққа деген сенімді өте жақсы жеткізеді.
Өлеңде ғарышқа ұшу, үлкен мақсат қою, батыр болуға ұмтылу идеясы анық көрінеді. Әсіресе Тоқтар ағамызды үлгі етуі жастарға ерекше мотивация береді

Жеңіл оқылады, бірақ мағынасы терең, шабыт беретін әдемі қазақша өлең.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері