Жыл құстарының әні – Байбота Қошым-Ноғай

Бұл бетте «Жыл құстарының әні» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көк жүзінде ән салып,
Жыл құстары ұзады.
Әуеніне тамсанып,
Тыңдап тұрмыз біз әлі.

Күннің көзі мұнартып,
Аспанда бұлт қалқиды.
Құстар үні мұң артып,
Әсем сазбен шалқиды.

«Қош бол, теңіз жағасы,
Айдын шалқар көлдерім!
Қош бол, Сырдың сағасы
Тоғай, жазық белдерім!

Қош бол, туған жеріміз,
Бізді айыпқа бұйырма!
Ұмытпаймыз біз сені
Жүрсек те қай қиырда!..»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері