Оралмас өткен жылдар

Бұл бетте «Оралмас өткен жылдар» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Сайын Мұратбековке)

Жасыңнан бастауды ойлап көшті қалай,
Жарқырап жан­-жағыңа шаштың арай.
Ұшынан қаламыңның маржан төктің,
Тереңнен қайнап шыққан тас тұмадай.
Жасындай қара бұлттың тіліп астын,
Талантпен мылқау тағдыр тілін аштың.
Өшпейтін ізін қуып Ілиястың,
Асудың бірінен соң бірін астың.
Асудан асқар барсаң қар жатады,
Қар жатса қапталында зар жатады.
Қылышқа қымбат басың төселмесе,
Кім келіп алтын күмбез орнатады!?
Өзіңді сол биіктен дәйім көрем,
Затың бар атыңа сай Сайын деген.
Қалың ел қоршап бүгін отырар ма,
Қу болсаң күнің үшін уайым жеген?!
Соққанмен қорған болмас жарты қамал,
Қайырсыз – қалдырғанмен артыңа мал.
Байлығың – таусылмайтын адалдығың,
Құлдарын Құдай қолдар халқына адал!
Момынның құдай сүйген сен де бірі,
Не болар періштесіз пенде күні.
Алдымен өзіңе де нұр жаудырар,
Жаратқан жарылқаса жердегіні.
Кезің көп қабағыңа мұң жасырған,
Еншің көп алынбаған бұл ғасырдан.
Алпысқа аман­-есен жеттің, міне,
Күн кешіп алпыс қилы бір басыңнан.
Оралмас өткен жылдар өкінгенмен,
Тарлансың талай өрттің шетін көрген.
Тәңірім тұрпатыңа дақ салмасын,
Жоңғардың жолбарысы секілденген!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оралмас өткен жылдар өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Оралмас өткен жылдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оралмас өткен жылдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оралмас өткен жылдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері