«Қойма» – Ескен Елубаев

Бұл бетте ««Қойма»» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Үстел үстi толып тұр,
Не бiр затқа кенелiп.
Класс түгел көрiп тұр.
Оған бiздер не делiк.
Рогатка,
Гайка,
Құрт,
Бəкi,
Тарақ,
Айна,
Кiлт,
Мейiз,
Нанның қиқымы,
Темекiнiң тұқылы,
Гильза,
Лəңгi,
Сақа,
Тор.
Қалам,
Түйме,
Карта,
Бор...
Ие дешi бұған кiм?
Ол – Омардың Балташы.
Заттар шықты, мұғалiм
Ақтартқанда қалтасын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері