Кімнен кім қорықты – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Кімнен кім қорықты» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көршi үйде, бала мысықты
Үш жасар Нұрлан көрдi де,
Зəресi əбден ұшыпты,
Жүгiрiп маған келдi де;
– Көтер, – деп, – менi тезiнен, –
Жармасты қолға ол тағы:
– Ана бiр мысық өзiмнен
Қарашы, қатты қорқады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері