Күтіп бірге жылдағы жыл құсымен – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Күтіп бірге жылдағы жыл құсымен» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1258
Күтіп бірге жылдағы жыл құсымен,
Болып жүр ме жаныңның күлкісі кем.
Толып жүр ме жүрегің сағынышқа,
Нөсер тілеп жаумаған бұлт ішінен.
Қызыл нұрға боялған таң шағында,
Аңсадың ба сен мені, аңсадың ба?
Жалғыздықтың азабын көңілге орап,
Жүрегіңді батырдың қанша мұңға.
Қырға шығып гүл терген кездеріңде,
Іздедің бе, сен мені іздедің бе?
Жарқын бейнең күн болып күлімдейді,
Өтіп жатқан күндердің тізбегінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері