Өлең, жыр, ақындар

Кім қайда тұрады?

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 277
Почташы келiп сұрады:
– Алып кит қайда тұрады?
Мекенi,
Жайы,
Қай жерде?
Қай құрлықта?
Қай елде?
Белгiлi маған керегi,
Хат келсе
Адрес дерегi...
Кит айтты:
– Тұрақ тым қиғаш,
Көше жоқ онда қым-қиғаш,
Табуың менi оп-оңай,
Басқа бiр атау жоқ ондай.
Мекен-жай –
Тынық мұхиты, –
Дедi де сөзiн тұқырды.
Почташы келiп сұрады:
– Пiлiмiз қайда тұрады?
Мекенi,
Жайы,
Қай жерде?
Қай құрылықта?
Қай елде?
Белгiлi маған керегi,
Хат келсе,
Адрес дерегi...
Пiл айтты:
– Мекен, тумыстан
Джунгли iшi,
Үндiстан
Ескертiп айтам, тап мұны.
Көше жоқ онда нақтылы.
Əркiмнен сұрап барасыз,
Сол жерден менi табасыз.
Почташы тағы сұрады:
– Үкiнiң қайда тұрағы?
Мекенi,
Жайы,
Қай жерде?
Қай құрлықта?
Қай елде?
Белгiлi маған керегi,
Хат келсе,
Адрес дерегi...
Сонда Үкi айтты:
– Орманда,
Iздейсiң тек түн болғанда.
Қиыны – күндiз бармайсың,
Ескертем, таба алмайсың.
Аралап орман арасын,
Тапсаң, тек түнде табасың.
Қарақұрт айтты:
– Қарақұм,
Iздесең, жерiң баратын...
Жолбарыс айтты:
– Ну қамыс,
Сол жердi жайлап тұрамыз...
Аю да айтты:
– Қар асты...
Жыланың айтты:
– Жер асты...
Почташы жəне сұрады:
– Тарақан қайда тұрады?
Мекенi,
Жайы,
Қай жерде?
Қай құрлықта?
Қай елде?
Белгiлi маған керегi,
Хат келсе
Адрес дерегi...
Тарақан айтты тұрағын,
– Адрес мынау тұратын:
Индекс: мың төрт, ноль жетi,
Микрорайон он екi,
Қаланың өзi ең шетi,
Номерi үйдiң он-дағы
Екiншi пəтер сондағы.
Бар менде жəне телефон.
Телефон соқсаң керек ол.
Отыз үш, төрт ноль, аласыз,
Сол жерден менi табасыз...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Екі мінез

  • 0
  • 0

«Бес» алса сабағынан,
Күн шығып қабағынан,
Асығып, жайраң қағып,
Əндетiп, сайран салып,

Толық

Әзіл

  • 0
  • 0

Заман дамып келедi,
Дамымаса сəнi жоқ.
Жүзiм жемiс бередi,
Iшiнде еш дəнi жоқ.

Толық

Біздің Кеңесіміз

  • 0
  • 0

Күнде-күнде сабақтан,
Кешiгедi бiр досым.
Көрiп мұны сағаттан
Түзелмей-ақ жүр досым.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер