Өлең шіркін – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Өлең шіркін» атты Жарылқасын Аманұлы жазған поэзия туралы өлең берілген.

Өлең шіркін көнеді ме бұлтаққа,
Бұлтақтасаң үнің жетпес ұрпаққа.
Жалғыз ғана шындық керек біз үшін,
Жан алғыштың алдына кеп тұрсақ та.
Өлең шіркін көнеді ме бұлтаққа,
Бұлтақтасаң ұяттысың ұрпаққа.
Өлмейтіндер – ақиқаттың ақыны,
Ұрпақпенен тұратұғын бір сапта.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері