Тынысы тіршіліктің тоқтамайды – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Тынысы тіршіліктің тоқтамайды» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тынысы тіршіліктің тоқтамайды,
Кім келіп, кім кетсе де жоқтамайды.
Сарғайған сахараны теңіз етіп,
Теңізге тасты жағып от қалайды
Осылай керек болса ноқталайды.
Ғасырлар керуені замананың,
Тербеліп шетсіз-шексіз барады ағын.
Көз жетпес көкжиекке сіңіп кеткен,
Алдында ізі жатыр бабалардың,
Артыңда айқай-шуы балалардың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері