Жер жаһанға жайнаған нұр
- 0
- 0
Жер жаһанға жайнаған нұр,
Күн сияқты Сталин!
Көркейтіп көңлін сайратты,
Біздердей бұлбұл құстарын.
Бұл бетте «Естелік» атты Саят Қайратұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жер жаһанға жайнаған нұр,
Күн сияқты Сталин!
Көркейтіп көңлін сайратты,
Біздердей бұлбұл құстарын.
Баласы Қаумен ағам Қауынбайсың,
Иісті, пісіп тұрған қауындайсың.
Тұрғанда бақ басыңда, халық қолында,
Бұлт шөгер Алматының тауындайсың.
Жерінді сұра шырақтанымаған,
Қиял сөз қиын емес әлі маған.
Атақты Алла берген байларға ұят,
Қоңсысы қасындағы жарымаған.
Он жылдық Октябрьдің еттік тойын,
Екпіні еріткендей тас пен шойын.
Құттықтап қатын, еркек қалмай келіп,
Тамаша таң қаларлық болды ойын.
Ильясова Аянат
Бул олен маган катты унады
Biahmetov
Рахмет