Ауылдағы азан – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Ауылдағы азан» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5662
Естуші едім ауылда
Молдамыздың азанын.
Азан үні шыққанда,
Кетіріп жол тозаңын -
Намазға жұрт баратын,
Мешіт лық-лық толатын,
Барлық мойын иіліп,
Барлық қабақ түйіліп,
Тірлік қамын ұмытып,
Бір аллаға сыйнып -
Құблаға жұрт құлайтын,
Иман, ұжмақ сұрайтын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері