Өлең, жыр, ақындар

Біздің жақта күз ғой әлі...

  • admin
  • 05.02.2024
  • 1
  • 0
  • 821
Біздің жақта күз ғой, аға, күз әлі...
Талай күндер көңілсіздеу ұзады.
Қалтыраған жапырақтай жүректің
жанын ұқпай жүр екенбіз біз әлі.

Біздің жақта жүректер көп жоғалған.
Кеуделерден көшіп кетті көп арман.
...Көңілімнің жапырағын қайтейін,
күзден бұрын тоналған...

Біздің жақта сағыныш жүр адасқан,
Аңғалдығы күзге ғана жарасқан.
Аңғалдық-ай, адалдық-ай, сендерді
көріп тұрып жылайды ғой ақ аспан...

Бізде тағы сезімдер көп кірлеген,
Бір көктемде үміт еді-ау бүрлеген.
«Саған көктем кім боп келді, кім?» - десе,
Шыныменен кім дер ем?!

Міне осылай құлазып жүр күз-көңіл.
(Жалғыздығын сонша сүйді-ау ізгі өмір...)
Көше бойын қарасаңыз дәл қазір,
Бір-бір өмір бір-бір бақыт іздеп жүр.

Бәлкім ертең өзгереді бәрі, аға,
Үнсіз келіп қаржауғанда қалаға.
...Бір үмітке сеніп едім бәрібір,
Ол да күздей күн де солып бара ма?!

Бәлкім ертең өзгереді бәрі,аға!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойлау

  • 0
  • 0

Таң алды оянып,
Сия көк аспаннан
сөнбеген шолпанды көрместен,
Күндерім қып-қызыл тірлікке боялып,

Толық

Үнсіздік

  • 0
  • 0

Хат жазбаған,
қоңырау да шалмаған -
Үнсіздікпін. Үнсіз ғана ұнатам....
Сенің аппақ жүрегіңнен аумаған,

Толық

Туған жерге

  • 0
  • 0

Жусанды бел сөйлетсе қоңыр әнін,
Ой кеміріп батады соңыра күн.
Жалғыздығын сездік пе сол даланың,
Сағыныш-жас жуғанда омырауын.

Толық

Қарап көріңіз