Төгілген шашы – Мағжан Жұмабаев

Бұл бетте «Төгілген шашы» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Төгілген шашы,
Қиылған қасы,
Керілген маңдай да.
Тістері – меруерт,
Бейне қар – мамық ет,
Кез келсең мұндайға,
Жалындап күйіп,
Бір ғана сүйіп,
Өлсең де болмай ма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері