Қанағат
Бұл бетте «Қанағат» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 16.02.2024
- 0
- 0
- 1059
Айтып кеткен ойлылар:
«Қанағат тек тойдырар.
Қанағатсыз, тойымсыз
Жалғыз атын сойдырар», –
Дейді атам бəріне,
Тоқталып сөз мəніне.
Мөлшерден көп ішсеңіз
У болады дəрі де!
Əр сөзінен сабақ ап,
Атамды ел жүр бағалап.
Ұзақ жасау үшін де
Керек екен қанағат!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі