Жетелі – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Жетелі» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Баламасы «ақылдың» –
Деген сөз бұл «жетелі».
Білмейтін етжақынды
Жетесіздер жетеді!
Жетелі адам – ұғымды,
Жетелі адам – саналы.
Сезіп қайғы-мұңыңды,
Көңіліңді табады.
Жақсы оқы сабақты,
Оқы əңгіме, ертегі.
Ақылды да талапты
Болса бала –
Жетелі!

***
Орындап əке тілегін,
Айтқанын істеп жүремін.
Мен жеті ата-бабаның
Аттарын жатқа білемін!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері