Əдеп –жақсы əдет
Бұл бетте «Əдеп –жақсы əдет» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түнде көзі ілінбейді,
Қорқақ бала дірілдейді.
Жылаумен күн батырады,
Жылауықтар бақырады.
Өкпешілдер тыржыңдайды,
Қырсық бала қыржыңдайды.
Сабақ білмес сипақтайды,
Өтірікші қипақтайды.
Өсекшілер сыбырлайды,
Ұрыншақтар жыбырлайды.
Бақырмай-ақ, шақырмай-ақ,
Тыржыңдамай,
Қыржыңдамай,
Сипақтамай,
Қипақтамай,
Сыбырламай,
Жыбырламай,
Қандай ғажап ақыл қонса,
Жақсы əдетке жақын болса!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі