Əдептілік
Бұл бетте «Əдептілік» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 28.02.2024
- 0
- 0
- 1029
Көрінгенді сұрайтын,
Бермеді деп жылайтын,
Ұмыт жаман əдетті,
Бала боп өс əдепті.
Елге сəлем бермейтін,
Шақырса үлкен келмейтін,
Ұмыт жаман əдетті,
Үйрен жақсы əдепті.
Тақта алдында талтайма,
Асып-тасып шалқайма.
Əдепсіздік – надандық,
Əдептілік – адамдық!
Мақтанып «мен-мен!» деме,
Жасы үлкенге «сен» деме.
Əдептілік жарасар –
Бақытыңа ол жол ашар!
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі